Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекітті
10:48 11.09.2026 (жаңартылды: 10:51 11.09.2026)

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кейбір мәселелері және ҚР президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ереже бекітіліп, ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіліктері айқындалды.
Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді.

"Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының құзырына Қауіпсіздік кеңесі төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің, соның ішінде шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.
Бұдан бөлек, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары жоғарыда аталған шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатады, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастырады.

"Қауіпсіздік кеңесінің аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынады және есеп береді. Орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау ісін жетілдіру және күшейту, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы мен ҚР Қауіпсіздік кеңесі қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады", - делінген хабарламада.
Бұл міндеттер ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтауды көздейді.