Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы мен орынбасарларын тағайындады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Жазылу
Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы болды.
АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы мен орынбасарларын тағайындады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Мурат Баймукашев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Мұрат Баймұқашев
Сондай-ақ Нұржан Каджиақбаров Қауіпсіздік Кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары, Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев орынбасары болып тағайындалды.

Мұрат Баймұқашев туралы не білеміз

1967 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ("инженер-механик" мамандығы бойынша), 1998 жылы Қарағанды ҰҚК жоғары мектебін ("заңгер-құқықтанушы"), 2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (мемлекеттік басқару магистрі) бітірген.
1994-2009 жылдары құқық қорғау органдарында қызмет (ішкі істер органдары, Бас прокуратура) атқарды.
2009-2019 жылдары – премьер-министрі кеңсесінің қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.
"Құрмет" (2013), II дәрежелі "Айбын" (2020) ордендерімен марапатталған.
2021 жылы полиция генерал-майоры арнаулы атағы берілді.
Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар
0