Халықтың түн ұйқысын бұзатындар жаңа жүйемен анықталуы мүмкін
13:18 23.09.2026 (жаңартылды: 13:19 23.09.2026)

© Sputnik / Илья Питалев
/ Жазылу
Құрылтайда түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл көлемін арттыру қажеттілігі де айтылды
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттар түнгі уақытта халықтың ұйқысын бұзатын көлік жүгізушілерін анықтауды жаңа тәсілін ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қалаларда түнгі уақытта мотоциклдер мен тюнинг жасалған көліктердің қатты дыбысынан тыныштық талаптары жиі бұзылады. Кейбіреулері тұрғын үйлердің арасына кіріп, әдейі қатты шу шығарады.
Бүгінде қалаларда түнгі уақытта мотоциклдер мен тюнинг жасалған көліктердің қатты дыбысынан тыныштық талаптары жиі бұзылады. Кейбіреулері тұрғын үйлердің арасына кіріп, әдейі қатты шу шығарады.
"Мәселені шешудің бір жолы – шу деңгейінің шамадан тыс көтерілуін автоматты түрде тіркейтін акустикалық жүйе орнату. Шетелде мұндай тәсілдер қолданылады. Мысалы, АҚШ-та автоматты акустикалық камералар пайдаланылады. Кей жағдайда көлікті тәркілеу де қарастырылған. Германия мен Францияда түнгі рейдтер өткізіліп, арнайы жылжымалы зертханалар қолданылады", - дейді депутат Кендебай Адамбек.
Бұдан бөлек, ол айыппұлдың көлемін де арттыру қажет деп санайды. Қазір түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлеміде айыппұл қарастырылған.
"Әділет" фракциясы ішкі істер министрлігіне бірнеше ұсыныс та жолдады. Олар:
түнгі заңсыз жарыстарды анықтайтын патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардан тұрақты бірлескен экипаждар құру;
көлікке заңсыз енгізілген техникалық өзгерістер толық жойылғанға дейін құқық бұзушының көлік құралын арнайы тұраққа қою;
жолдағы құқық бұзушылықтарды ұсақ бұзақылық ретінде саралаудың нақты тәртібін әзірлеу.
