https://sputnik.kz/20260922/olardy-qamau-kerek-bektenov-ishki-ister-ministrine-qatan-tapsyrma-berdi-66893805.html
"Оларды қамау керек": Бектенов ішкі істер министріне қатаң тапсырма берді
"Оларды қамау керек": Бектенов ішкі істер министріне қатаң тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері түн тыныштығын бұзған 55 жүргізуші қамауға алынған 22.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-22T10:45+0500
2026-09-22T10:45+0500
2026-09-22T11:18+0500
түн
көлік жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/07ea/09/16/66894270_0:103:2560:1543_1920x0_80_0_0_16da1c488b82e06fdcce6ddd471f694c.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын көлік иелеріне қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қозғалысына қатысты мәселелер қаралды. Сол кезде Бектенов ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен түнгі уақытта қатты дыбыс шығаратын көліктерге қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, жыл басынан бері осындай 372 факт анықталған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Бектенов қатаң шара ретінде қамауға алуды қолдану қажеттігін ерекше атап өтті."Айыппұл емес, оларды қамау керек", — деді премьер-министр.
https://sputnik.kz/20260804/zhambyl-oblysynda-drift-zhasagan-zhas-zhigit-qamauga-alyndy-65450332.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/16/66894270_184:0:2377:1645_1920x0_80_0_0_3b49de875179478049a38f03f0918eeb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түн, көлік жүргізушісі
"Оларды қамау керек": Бектенов ішкі істер министріне қатаң тапсырма берді
10:45 22.09.2026 (жаңартылды: 11:18 22.09.2026) Жыл басынан бері түн тыныштығын бұзған 55 жүргізуші қамауға алынған
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын көлік иелеріне қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қозғалысына қатысты мәселелер қаралды. Сол кезде Бектенов ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен түнгі уақытта қатты дыбыс шығаратын көліктерге қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
"Біз қатты шу шығаратын мотоциклдер мен автокөліктер мәселесін сізбен бірнеше рет талқыладық. Оларға қатысты өте қатаң шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе, түн ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр. Қандай жұмыстар атқарылып жатыр?" — деді премьер-министр.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, жыл басынан бері осындай 372 факт анықталған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"55 адам қамаққа алынды, көліктер мен мотоциклдер айып тұрағына қойылды", — деді министр.
Бектенов қатаң шара ретінде қамауға алуды қолдану қажеттігін ерекше атап өтті.
"Айыппұл емес, оларды қамау керек", — деді премьер-министр.