Жамбыл облысында дрифт жасаған жас жігіт қамауға алынды

© Public Domain RyanKingArtСледы автомобильных шин на льду
Следы автомобильных шин на льду - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Тараз тұрғыны дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелген.
"Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ол сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Автомобиль жолдарында дрифт жасау және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік қамауға әкеп соғады, дейді полицейлер.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Маңғыстау облысында көліктен денесін шығарған блогер жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0