Еуропаға заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға болады – Құрылтай заңды қабылдады

© SputnikЕуропаға заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға болады – Құрылтай заңды қабылдады
Еуропаға заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға болады – Құрылтай заңды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Жазылу
Конвенцияға сәйкес, оның қатысушылары бір-біріне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге міндетті
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттары қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конвенция қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері жөнінде құзыретті органдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.
"Конвенцияға қосылу Қазақстанға елдің құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз жолмен алынып, шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, оның ішінде трансұлттық қылмыспен байланысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады", - дейді депутаттар.
Конвенцияға сәйкес, оның қатысушылары өзара негізде және онда көрсетілген талаптар сақталған жағдайда бір-біріне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге міндетті.
Айта кетері, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясы 1959 жылы 20 сәуірде Страсбургте рәсімделген болатын.
Человек за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
Жаңалықтар
0