Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЧеловек за компьютером, архивное фото
Человек за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Жазылу
Конвенция азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Қазақстан ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханой қаласында өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
"Қазақстандық тарап Конвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді ұстана отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды. Бұл - Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіреді. Сондай-ақ киберқауіпсіздік саласында басқа елдермен әріптестікті нығайтуда мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды", - дейді ведомство.
Конвенцияға қосылу Қазақстанға:
басқа елдермен электронды дәлелдемелермен жедел алмасуға;
трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;
азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0