Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

© Photo : Алматы облысының әкімдігіАлматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды
Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Жазылу
Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Еңбекшіқазақ ауданында салынған "QazEcoDan" заманауи кешені дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тазарту, кептіру және сақтау процесін іске асырады. Қазірдің өзінде кешенде 30 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар.
Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл астықты тиімді кептіруге және өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға мүмкіндік береді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін ұлғайтуға және инвестиция тартуға басымдық беріп келеді. Бүгін ашылған кәсіпорын осы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған. Ауданның аграрлық саласын дамытуға үлес қосқан инвесторлар мен жұмысшыларға ризашылығымды білдіремін", – деді өңір басшысы Шыңғыс Әрінов.
Кешеннің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл астық тасымалын оңтайландырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақта кешенде өңделіп, сақталған дәнді дақылдарды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де елдерге экспорттау жоспарлануда.
Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.
Ақтөбе облысында жас кәсіпкер Ерамир Сафин табиғи балмұздақ өндірісін іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Ақтөбе облысында жас кәсіпкер табиғи балмұздақ өндірісін іске қосты
Жаңалықтар
0