Жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі күшейтіледі

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында көлік апатына түскен бес оқушының екеуінің жағдайы әлі ауыр
Алматы облысында көлік апатына түскен бес оқушының екеуінің жағдайы әлі ауыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Әкімдіктер қауіпті учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтеді
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Осы орайда премьер-министр жаяу жүргіншілерге қатысты жол апаттарына да тоқталды.
"Көп жағдайда бұған жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болып жатады. Сондықтан жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін адамдардың жауапкершілігін күшейту қажет", - деді Бектенов.
Сонымен қатар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілердің кінәсінен болатын жол апаттары да аз емес.
"Әкімдіктерге осындай учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Әсіресе білім беру ұйымдарының маңында кері санақ таблосы бар заманауи бағдаршамдарды орнатуды қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жол ережесін жиі бұзатындар такси жүргізушісі бола алмайды — премьер
Жаңалықтар
0