https://sputnik.kz/20260922/uqtynyz-ba-premer-ministr-qazavtozhol-basshysyna-eskertu-zhasady-66896319.html
"Ұқтыңыз ба?": Премьер-министр "ҚазАвтоЖол" басшысына ескерту жасады
"Ұқтыңыз ба?": Премьер-министр "ҚазАвтоЖол" басшысына ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Бектенов жол саласында шешілмей жатқан проблема өте көп екенін айтты 22.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-22T11:12+0500
2026-09-22T11:12+0500
2026-09-22T11:12+0500
олжас бектенов
жол
https://sputnik.kz/img/07ea/09/16/66894426_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_62e75bd689736b29e182b52e42befb1f.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашевқа қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Оның айтуынша, республикалық жолдарға енгізілген жаңа технологиялардың арқасында соңғы уақытта жол апатының саны 10%-ға азайған.Алайда Бектенов компания басшысының есебіне қанағаттанбады."Баяндамаңыз жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оларды айтқан жоқсыз. Президент атап өткен олқылықтардың барлығы сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасы бойынша мәселе бар, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады. Ұқтыңыз ба?" — деді премьер-министр.Иманашев қысқа ғана: "Қабылданды", — деп жауап берді.
https://sputnik.kz/20260922/olardy-qamau-kerek-bektenov-ishki-ister-ministrine-qatan-tapsyrma-berdi-66893805.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/16/66894426_144:0:2417:1705_1920x0_80_0_0_9b6adb02460583a8e9f9a1fcf43ec82f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, жол
"Ұқтыңыз ба?": Премьер-министр "ҚазАвтоЖол" басшысына ескерту жасады
Бектенов жол саласында шешілмей жатқан проблема өте көп екенін айтты
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашевқа қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Оның айтуынша, республикалық жолдарға енгізілген жаңа технологиялардың арқасында соңғы уақытта жол апатының саны 10%-ға азайған.
"Биылғы сегіз айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол апатынан қаза тапқандар саны 14%-ға, ал зардап шеккендер саны 11%-ға төмендеді. Осы кезеңде республикалық жолдардағы көлік қозғалысының қарқыны орта есеппен 30%-ға артты. Яғни, көлік ағыны көбейгеніне қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны азайды", — деді Иманашев.
Алайда Бектенов компания басшысының есебіне қанағаттанбады.
"Баяндамаңыз жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оларды айтқан жоқсыз. Президент атап өткен олқылықтардың барлығы сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасы бойынша мәселе бар, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады. Ұқтыңыз ба?" — деді премьер-министр.
Иманашев қысқа ғана: "Қабылданды", — деп жауап берді.