https://sputnik.kz/20260922/sergey-lavrov-resey-turaly-zhalgan-aqparat-taraganyn-aytty-66900619.html
Сергей Лавров Ресей туралы жалған ақпарат тарағанын айтты
Сергей Лавров Ресей туралы жалған ақпарат тарағанын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Бір кездері аты дүркіреген Скрипальдардың қазір қайда екенін ешкім білмейді, ал Ұлыбритания оларды ешкімге көрсетпейді, деп... 22.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-22T14:59+0500
2026-09-22T14:59+0500
2026-09-22T15:00+0500
ресей
сергей лавров
https://sputnik.kz/img/07ea/09/11/66737745_0:60:3085:1796_1920x0_80_0_0_64488fe70c1ebfb3549e88eaee9b2740.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Бір кездері аты дүркіреген Скрипальдардың қазір қайда екенін ешкім білмейді, ал Ұлыбритания оларды ешкімге көрсетпейді, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Фейктер туралы диалог" форумында.Ресей азаматтары Сергей және Юлия Скрипальді Ресей барлау қызметі улады деген ақпарат тараған болатын.Оның айтуынша, "Навальныйдың улануы" туралы ақпарат та фейк."Ол 2020 жылы сырқаттанып қалған кезде, Ресейдің өзі оны Берлинге емделуге жіберу үшін бар жағдайды жасады", - деді Лавров.Министрдің пікірінше, тағы бір сәнге айналған тақырып – Еуропаға шабуыл жасап жатыр делінген Ресейдің дрондарына қатысты.Ресей СІМ басшысы Буча төңірегіндегі дауға да жеке тоқталды.Оның айтуынша, тағы бір күннен кейін бұл жерде BBC телеарнасының түсірілім тобы пайда болып, ондаған адамның мәйіті жатқан көшені көрсеткен. Лавровтың мәлімдеуінше, қаза тапқандардың аты-жөні көрсетілген ресми тізім әлі күнге дейін жарияланбаған.Ресей СІМ бұған дейін Бучадағы мемориалда Украина әскерилерінің аты-жөні жазылғанын хабарлаған.
https://sputnik.kz/20260404/ortten-18-adam-qaza-tapty-dep-zhalgan-aqparat-taratqan-turgyn-zhauapqa-tartyldy-62411044.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/11/66737745_354:0:3085:2048_1920x0_80_0_0_7cac9a06d0a779e286b93827279a17f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, сергей лавров
Сергей Лавров Ресей туралы жалған ақпарат тарағанын айтты
14:59 22.09.2026 (жаңартылды: 15:00 22.09.2026) АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Бір кездері аты дүркіреген Скрипальдардың қазір қайда екенін ешкім білмейді, ал Ұлыбритания оларды ешкімге көрсетпейді, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Фейктер туралы диалог" форумында.
Ресей азаматтары Сергей және Юлия Скрипальді Ресей барлау қызметі улады деген ақпарат тараған болатын.
"Біз әлі күнге дейін Ұлыбританияның құқық қорғау органдарынан олардың қайда екенін айтуды талап етіп келеміз, жауап ала алмадық. Шын мәнінде Лондон біздің азаматтарымызды кепілде ұстап отыр", — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, "Навальныйдың улануы" туралы ақпарат та фейк.
"Ол 2020 жылы сырқаттанып қалған кезде, Ресейдің өзі оны Берлинге емделуге жіберу үшін бар жағдайды жасады", - деді Лавров.
Министрдің пікірінше, тағы бір сәнге айналған тақырып – Еуропаға шабуыл жасап жатыр делінген Ресейдің дрондарына қатысты.
"Алайда үнемі оның не дрон емес екені, не украиналық дрон екені анықталып жатады. Ал мән-жайы ешкімді қызықтырмайды", — деді ол.
Ресей СІМ басшысы Буча төңірегіндегі дауға да жеке тоқталды.
"2022 жылы Макрон келіссөздерге жасалған қадам ретінде Ресейден Киев маңындағы елді мекендерден әскерін әкетуді сұрады. Екі күннен кейін Буча басшысы украин тарапының қаланы толық бақылауына алғанын мәлімдеді. Ол кезде түсірілім орталық көшеде жүргізілді, ал көше бос болатын", - деп еске алды Лавров.
Оның айтуынша, тағы бір күннен кейін бұл жерде BBC телеарнасының түсірілім тобы пайда болып, ондаған адамның мәйіті жатқан көшені көрсеткен. Лавровтың мәлімдеуінше, қаза тапқандардың аты-жөні көрсетілген ресми тізім әлі күнге дейін жарияланбаған.
Ресей СІМ бұған дейін Бучадағы мемориалда Украина әскерилерінің аты-жөні жазылғанын хабарлаған.