https://sputnik.kz/20260404/ortten-18-adam-qaza-tapty-dep-zhalgan-aqparat-taratqan-turgyn-zhauapqa-tartyldy-62411044.html
"Өрттен 18 адам қаза тапты" деп жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды
"Өрттен 18 адам қаза тапты" деп жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Оған 86 500 теңге айыппұл салынды 04.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-04T15:59+0500
2026-04-04T15:59+0500
2026-04-04T15:59+0500
абай облысы
семей
өрт
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.2026 жылы 3 наурызда Семей қаласындағы "Balapark" балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.Алайда қала тұрғыны "Instagram" әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.Тұрғынның кім екені жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.Сот қаулысымен оған жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20260303/semeyde-oyyn-sauyq-ortalygynan-ort-shyqty-61592243.html
абай облысы
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, семей, өрт, жалған ақпарат
абай облысы, семей, өрт, жалған ақпарат
"Өрттен 18 адам қаза тапты" деп жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды
Оған 86 500 теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Абай облысында сот өрт кезінде қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
2026 жылы 3 наурызда Семей қаласындағы "Balapark" балалар ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.
Алайда қала тұрғыны "Instagram" әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.
Тұрғынның кім екені жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.
Сот қаулысымен оған жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.