https://sputnik.kz/20260922/qazaqstan-munayy-qay-elderge-zhane-qanday-kolemde-eksporttalady-66867236.html
Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады
Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады
Sputnik Қазақстан
2025 жылы Қазақстанда 99,6 млн тонна мұнай өндірілді 22.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-22T08:00+0500
2026-09-22T08:00+0500
2026-09-22T08:29+0500
қазақстан
мұнай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64837066_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a3840210fc2481a2217622bdd0cad363.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан мұнай экспортының көлемі 2015 жылғы 63,6 млн тоннадан 2025 жылы 76,3 млн тоннаға дейін, яғни 20%-ға өсті, деп жазды Ranking.kz.Бұл – кем дегенде 2015 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы жылдары тұрақты өсім байқалды. Мәселен, 2022 жылы Қазақстан 65,2 млн тонна, 2024 жылы 71 млн тонна, ал 2025 жылы 76,3 млн тонна мұнай экспорттады. Тек соңғы жылдың өзінде жеткізу 7,4%-ға артты.Қазақстан мұнайының ең ірі сатып алушысы Италия болып қала береді.Екінші орынды Нидерланды иеленді: 5,6 млрд АҚШ долларына 10,6 млн тонна.Одан кейін:Жалпы алғанда, осы бес ірі сатып алушыға Қазақстан мұнай экспортының физикалық, сондай-ақ құндық көлемінің 70%-дан астамы тиесілі болды.Басқа ірі бағыттардың қатарында:2025 жылдың қорытындысы бойынша Каспий құбыр консорциумы арқылы 64,8 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды. Сонымен қатар Баку — Тбилиси – Джейхан бағдары бойынша жылына шамамен 1,2 млн тонна мұнай экспортталады, ал Әзербайжан тарабы қазақстандық мұнайды қабылдауды жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеген болатын.Бірінші жартыжылдықта, яғни қаңтар-маусым айларында Қазақстан 33 млн тонна мұнай экспорттады, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 35,4 млн тонна болған еді. Жеткізілім көлемі 6,7%-ға қысқарған.
https://sputnik.kz/20260917/qazaqstan-askerileri-suasty-munay-qubyrlaryn-salu-ushin-kaspiy-tenizin-minalardan-tazalaydy-66729570.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64837066_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_223f62022f7ec2a7e40926abf1e3fe80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, мұнай, экспорт
қазақстан, мұнай, экспорт
Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады
08:00 22.09.2026 (жаңартылды: 08:29 22.09.2026) 2025 жылы Қазақстанда 99,6 млн тонна мұнай өндірілді
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан мұнай экспортының көлемі 2015 жылғы 63,6 млн тоннадан 2025 жылы 76,3 млн тоннаға дейін, яғни 20%-ға өсті, деп жазды
Ranking.kz. Бұл – кем дегенде 2015 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы жылдары тұрақты өсім байқалды. Мәселен, 2022 жылы Қазақстан 65,2 млн тонна, 2024 жылы 71 млн тонна, ал 2025 жылы 76,3 млн тонна мұнай экспорттады. Тек соңғы жылдың өзінде жеткізу 7,4%-ға артты.
Қазақстан мұнайының ең ірі сатып алушысы Италия болып қала береді.
"2025 жылы бұл елге 15,2 млрд АҚШ долларына 28,9 млн тонна мұнай экспортталды. Мұнай экспортының барлық физикалық көлемінің 37,8%-ы және құндық көлемінің 38,1%-ы Италияға тиесілі болды", - деп жазылған порталда.
Екінші орынды Нидерланды иеленді: 5,6 млрд АҚШ долларына 10,6 млн тонна.
Франция (3 млрд АҚШ долларына 5,6 млн тонна),
Румыния (2,6 млрд АҚШ долларына 5,3 млн тонна),
Грекия (2,3 млрд АҚШ долларына 4,3 млн тонна) орналасты.
Жалпы алғанда, осы бес ірі сатып алушыға Қазақстан мұнай экспортының физикалық, сондай-ақ құндық көлемінің 70%-дан астамы тиесілі болды.
Басқа ірі бағыттардың қатарында:
Қытай (2 млрд АҚШ долларына 3,8 млн тонна),
Түркия (1,5 млрд АҚШ долларына 2,9 млн тонна),
Германия (1 млрд АҚШ долларына 2 млн тонна),
Сингапур (763,2 млн АҚШ долларына 1,8 млн тонна),
Оңтүстік Корея (807 млн АҚШ долларына 1,5 млн тонна) бар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Каспий құбыр консорциумы арқылы 64,8 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды. Сонымен қатар Баку — Тбилиси – Джейхан бағдары бойынша жылына шамамен 1,2 млн тонна мұнай экспортталады, ал Әзербайжан тарабы қазақстандық мұнайды қабылдауды жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Бірінші жартыжылдықта, яғни қаңтар-маусым айларында Қазақстан 33 млн тонна мұнай экспорттады, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 35,4 млн тонна болған еді. Жеткізілім көлемі 6,7%-ға қысқарған.