Қазақстан әскерилері суасты мұнай құбырларын салу үшін Каспий теңізін миналардан тазалайды

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Миналардан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін компания қажетті мамандандырылған жабдықтарды сатып алып, Қорғаныс министрлігінің мнешігіне береді
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан әскерилері суасты мұнай құбырларын салу үшін Каспий теңізіндегі учаскені миналардан тазалайды.
Бұл 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген түзетулер жобасында көзделген.
"Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы №200 аумақта миналарды тазарту жұмыстарын жүргізеді, ол арқылы "Қаламқас-теңіз және Хазар" инвестициялық жобасының жоспарланған суасты мұнай құбырлары өтетін болады", - делінген жобада.
Қорғаныс министрлігі, Энергетика министрлігі және Kalamkas-Khazar Operating арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2025 жылдың мамыр айында қол қойылды.
Миналарды тазарту жұмыстарын жүргізу үшін компания қажетті мамандандырылған жабдықтарды сатып алып, Қорғаныс министрлігінің меншігіне береді.
"Қаламқас-теңіз" және "Хазар" жобалары Каспий қайраңындағы екі жақын орналасқан теңіз кен орындарын біріктіреді.
"Қаламқас-теңіз" және "Хазар" кен орындарының болжамды қоры 81 миллион тонна мұнайды құрайды, ал бір ғана Қаламқас-теңіздің жалпы қоры 284,5 миллион тонна деп бағаланады. Сонымен қатар екі кен орнында шамамен 19 миллиард текше метр газ бар.
Жаңа салық кодексі Қазақстанда 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Каспий түбімен байланыс желісін тарту жобасының негізгі кезеңі аяқталды
Жаңалықтар
0