Қазақстан Халық кеңесінің құрамы бекітілді

© Sputnik / Абзал КалиевКасым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты
Касым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Оның құрамына 126 адам енді
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Оның құрамына 126 адам енді. Олардың ішінде бұрынғы мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестік өкілдері бар.
Толық тізімді мына жерден көруге болады.
Айта кетері, Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді. Кеңеске ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және Құрылтайға заң жобаларын енгізу өкілеттігі беріледі.
Сонымен қатар кеңес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасында қарым-қатынас орнатады.
Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді.
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді
Жаңалықтар
0