Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Бұған дейін жаңа консультативтік орган – Халық кеңесінің жұмысына 2027 жылы 1,7 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді.
Халық кеңесі атап өткендей, заңға сәйкес оның мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді.
Бұл ретте Халық кеңесінің төрағасы және оның хатшылығын қатар басқаратын орынбасарларының бірі тұрақты негізде жұмыс істейді. Олардың қызметі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Хатшылық қызметкерлерінің жұмысы да бюджет есебінен төленеді.
Бұған дейін Қазақстандағы жаңа консультативтік орган – Халық кеңесінің жұмысына 2027 жылы 1,7 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын.
Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын біріктіреді. Кеңеске ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу және Құрылтайға заң жобаларын енгізу өкілеттігі беріледі.
Сонымен қатар кеңес жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтере алады. Сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасында қарым-қатынас орнатады.
Халық кеңесінің жоғары органы – негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын сессия болады.
Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады
Жаңалықтар
0