Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады
Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысын тоқтатты, оның орнына Халық кеңесі құрылды
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін президент тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Айта кетері, Қазақстан Халық кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.

Кеңестің негізгі өкілеттіліктері:
мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Құрылтайға заң жобаларын енгізу;
жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру.
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Тоқаев Халық кеңесіне қатысты жарлыққа қол қойды
Жаңалықтар
0