Тоқаев Халық кеңесіне қатысты жарлыққа қол қойды

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанның Халық кеңесінің хатшылығын құру туралы президент жарлығына қол қойылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Халық кеңесі туралы конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылды.

"Осыған байланысты кеше "Қазақстанның Халық кеңесі хатшылығын құру туралы" президент жарлығына қол қойылды", - деді Балаева үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, бірқатар заңнамалық түзетулер пакеті де әзірленді.

"Соның аясында алғаш рет "этномәдени бірлестіктер" ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындалды", - деп атап өтті Балаева.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.
Токаев выступил на ХІI международном военно-патриотическом сборе молодежи Айбын - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай үндеу жасады
Жаңалықтар
0