https://sputnik.kz/20260701/toqaev-zhana-konstitutsiyanyn-kushine-enuine-oray-undeu-zhasady-64572869.html
Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай үндеу жасады
Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Бұдан былай Конституция күні "Наурызнама" онкүндігімен қатар аталып өтеді 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T08:03+0500
2026-07-01T08:03+0500
2026-07-01T08:10+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
қасым-жомарт тоқаев
үндеу
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64468110_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_4b4e3dd3efea10a8c8fd4cce1c6e14d3.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.Президент жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтті.Оның айтуынша 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұратына міндетті түрде жететініне сенім білдірді."Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20260701/qazaqstannyn-zhana-konstitutsiyasy-kushine-endi--64558962.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64468110_84:0:1196:834_1920x0_80_0_0_7b6fc8bbbdfde46a3db1ae08793f3443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , қасым-жомарт тоқаев, үндеу
қазақстанның жаңа конституциясы , қасым-жомарт тоқаев, үндеу
Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай үндеу жасады
08:03 01.07.2026 (жаңартылды: 08:10 01.07.2026) Бұдан былай Конституция күні "Наурызнама" онкүндігімен қатар аталып өтеді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады", - деп атап өтті Тоқаев.
Оның айтуынша 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады.
"Бұдан былай Конституция күні "Наурызнама" онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұратына міндетті түрде жететініне сенім білдірді.
"Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!", - деп түйіндеді президент.