https://sputnik.kz/20260701/qazaqstannyn-zhana-konstitutsiyasy-kushine-endi--64558962.html
Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп, дауыс бергендердің 87%-ы қолдаған еді 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T08:00+0500
2026-07-01T08:00+0500
2026-07-01T09:01+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61955185_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_07fa47cca811407aae4f512d466052de.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп отыр. 80 процентке жаңарған Ата заңның аясында ауқымды өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады. Онымен қатар заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі өз жұмысына кіріседі. Ал Ақордада вице-президент қызметі енгізіледі. Sputnik Қазақстан жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.Құрылтай сайлауы өтедіЖаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Президент бір айдың ішінде Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс. Бір палаталы парламент сайлауы екі айдың ішінде өткізілуі керек.Ал қыркүйек айында Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде вице-президент тағайындалады. Оның кандидатурасын президент ұсынады. Құрылтай депутаттары өз келісімін беруі керек.Қазақстан президенті Құрылтай төрағасымен және премьер-министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы.Вице-президент не істейдіБұрын президент өз міндетін атқара алмаса, оның функциялары сенат төрағасына өтетін еді. Енді сенат жоқ болғандықтан, Конституцияда вице-президент автоматты түрде мемлекет басшысының міндетін атқарушы болады деп белгіленген. Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Вице-президентке партия мүшелігінде немесе басқа қызметте тұруға тыйым салынады.Қазақстанның вице-президенті мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Конституциялық сотКонституциялық сот он бір судьядан тұратын құрамын сақтап қалды, дегенмен оларды тағайындау тәртібі өзгерді. Бұрын президент төрағаны сенаттың келісімімен бекітсе, судьялардың өздерін биліктің түрлі тармағы ұсынған болатын. Енді президент төрағаны біржақты тәртіппен тағайындайды, ал қалған он судьяны мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен тағайындайды.Соттың жаңа өкілеттігіне халықаралық ұйымдардың шешімдерін Конституцияға қарама-қайшы деп тану және олардың Қазақстанда орындалуына тыйым салу, сондай-ақ президенттің өз еркімен отставкаға кетуіне қатысты ұйғарым шығару кіреді.Сот жүйесіСот жүйесіне де өзгерістер бар. Жоғарғы Сот төрағасы алты жыл мерзімге тағайындалады және ол лауазымды бір мерзімнен артық атқара алмайды.Жоғарғы Соттың судьяларын Құрылтай сайлайды, бұрын мұны сенат жасайтын. Судьяны ұстау немесе оған қатысты қылмыстық іс қозғау үшін Жоғарғы Сот Кеңесінің тұжырымы негізінде президенттің келісімі немесе Құрылтайдың келісімі қажет.Прокуратура енді толығымен президентке бағынадыБас прокурор бір ғана мерзімге алты жылға тағайындалады. Оның қолсұқпаушылық мәртебесі тек президенттің келісімімен ғана алынып тасталады және ол тек мемлекет басшысының алдында ғана есеп береді. Бас прокурордың кандидатурасын сенат мақұлдауы тиіс деген бұрынғы талап алынып тасталды.ӘкімдіктерОблыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін президент тағайындайды, алайда енді жергілікті мәслихаттардың келісімі қажет. Президент әкімді өз қалауы бойынша қызметтен босату құзыретіне ие. Жаңа мемлекет басшысы келген кезде барлық әкімдердің өкілеттіктері автоматты түрде тоқтатылады.Басшылар жаңадан тағайындаладыЖаңа Конституция күшінен енгеннен кейін екі айдың ішінде 6 органның басшысы тағайындалуы қажет. Олар:Ал Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде Коституциялық сот төрағасы мен сот судьялары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері тағайындалады.Халық кеңесі немен айналысадыҚазақстан Халық Кеңесі –халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Ол Қазақстан азаматтарынан құралады.Кеңестің негізгі өкілеттіліктері:"Тең" емес, "қатар"Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесіне қатысты өзгеріс енгізілді. "Тең" деген сөз "қатар" деген сөзге ауыстырылды. Яғни:"Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады".Құқықтар мен бостандықтарҚазақстанда әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы. Соның ішінде сот арқылы және біліктi заң көмегін алуға құқығы бар. "Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар ажыратуға және айыруға болмайтын деп танылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай айқындалады",- делінген 15-бапта.Заң мен сот алдында бәрi тең. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi.Сот шешімінсіз ұстауға болмайдыКонституция бойынша сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды. Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.
https://sputnik.kz/20260407/zhana-konstitutsiya-bektenov-ministrlerge-tapsyrma-berdi-62454666.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/11/61955185_111:0:1170:794_1920x0_80_0_0_482950d5480ed627e5880a2028acd97e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы
қазақстанның жаңа конституциясы
Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
08:00 01.07.2026 (жаңартылды: 09:01 01.07.2026) 2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп, дауыс бергендердің 87%-ы қолдаған еді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне еніп отыр. 80 процентке жаңарған Ата заңның аясында ауқымды өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады. Онымен қатар заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі өз жұмысына кіріседі. Ал Ақордада вице-президент қызметі енгізіледі.
Sputnik Қазақстан жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Президент бір айдың ішінде Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс. Бір палаталы парламент сайлауы екі айдың ішінде өткізілуі керек.
Ал қыркүйек айында Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде вице-президент тағайындалады. Оның кандидатурасын президент ұсынады. Құрылтай депутаттары өз келісімін беруі керек.
Қазақстан президенті Құрылтай төрағасымен және премьер-министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратуға құқылы.
Вице-президент не істейді
Бұрын президент өз міндетін атқара алмаса, оның функциялары сенат төрағасына өтетін еді. Енді сенат жоқ болғандықтан, Конституцияда вице-президент автоматты түрде мемлекет басшысының міндетін атқарушы болады деп белгіленген. Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Вице-президентке партия мүшелігінде немесе басқа қызметте тұруға тыйым салынады.
Қазақстанның вице-президенті мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конституциялық сот он бір судьядан тұратын құрамын сақтап қалды, дегенмен оларды тағайындау тәртібі өзгерді.
Бұрын президент төрағаны сенаттың келісімімен бекітсе, судьялардың өздерін биліктің түрлі тармағы ұсынған болатын. Енді президент төрағаны біржақты тәртіппен тағайындайды, ал қалған он судьяны мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен тағайындайды.
Соттың жаңа өкілеттігіне халықаралық ұйымдардың шешімдерін Конституцияға қарама-қайшы деп тану және олардың Қазақстанда орындалуына тыйым салу, сондай-ақ президенттің өз еркімен отставкаға кетуіне қатысты ұйғарым шығару кіреді.
Сот жүйесіне де өзгерістер бар. Жоғарғы Сот төрағасы алты жыл мерзімге тағайындалады және ол лауазымды бір мерзімнен артық атқара алмайды.
Жоғарғы Соттың судьяларын Құрылтай сайлайды, бұрын мұны сенат жасайтын. Судьяны ұстау немесе оған қатысты қылмыстық іс қозғау үшін Жоғарғы Сот Кеңесінің тұжырымы негізінде президенттің келісімі немесе Құрылтайдың келісімі қажет.
Прокуратура енді толығымен президентке бағынады
Бас прокурор бір ғана мерзімге алты жылға тағайындалады. Оның қолсұқпаушылық мәртебесі тек президенттің келісімімен ғана алынып тасталады және ол тек мемлекет басшысының алдында ғана есеп береді. Бас прокурордың кандидатурасын сенат мақұлдауы тиіс деген бұрынғы талап алынып тасталды.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін президент тағайындайды, алайда енді жергілікті мәслихаттардың келісімі қажет. Президент әкімді өз қалауы бойынша қызметтен босату құзыретіне ие. Жаңа мемлекет басшысы келген кезде барлық әкімдердің өкілеттіктері автоматты түрде тоқтатылады.
Басшылар жаңадан тағайындалады
Жаңа Конституция күшінен енгеннен кейін екі айдың ішінде 6 органның басшысы тағайындалуы қажет. Олар:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
Жоғары сот кеңесінің төрағасы.
Ал Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде Коституциялық сот төрағасы мен сот судьялары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері тағайындалады.
Халық кеңесі немен айналысады
Қазақстан Халық Кеңесі –халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Ол Қазақстан азаматтарынан құралады.
Кеңестің негізгі өкілеттіліктері:
мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Құрылтайға заң жобаларын енгізу;
жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру.
Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесіне қатысты өзгеріс енгізілді. "Тең" деген сөз "қатар" деген сөзге ауыстырылды. Яғни:
"Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады".
Құқықтар мен бостандықтар
Қазақстанда әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы. Соның ішінде сот арқылы және біліктi заң көмегін алуға құқығы бар. "Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар ажыратуға және айыруға болмайтын деп танылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай айқындалады",- делінген 15-бапта.
Заң мен сот алдында бәрi тең. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi.
Сот шешімінсіз ұстауға болмайды
Конституция бойынша сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды. Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.