Жаңа Конституция: Бектенов министрлерге тапсырма берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды үкімет.
Оның айтуынша Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруы қажет.
"Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс", — деп атап өтті Бектенов.
Сондай-ақ заңнамаға талдау жүргізіп, бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
"Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, белгіленген мерзімдерде қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп, барлық заң мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет. Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын", — деп түйіндеді үкімет басшысы.
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жаңа Конституция: мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі
Жаңалықтар
0