Полиция смартфон ұтысы туралы жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды

© REUTERS Carlos BarriaiPhone 18 Pro
iPhone 18 Pro - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Алаяқтар жүлдені жеткізу сылтауымен "алдын ала төлем", "жеткізу ақысы" немесе "жіберу шығындары" үшін ақша аударуды талап етеді
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы таралатын смартфон ұтысы туралы жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды.
"Алаяқтар танымал әлеуметтік желілерде жалған парақшалар мен аккаунттар ашып, азаматтарға қымбат смартфон ұтып алғаны туралы хабарлама жібереді. Сенімге кіру үшін қаскөйлер жүлдені пошта арқылы жіберетіндерін айтып, арнайы сауалнаманы толтыруды сұрайды", - дейді полицияда.
Ол үшін азаматтардан жеке деректері — аты-жөні, электрондық поштасы, пошта индексі және нақты тұрғылықты мекенжайы сұралады.
Одан кейін алаяқтар жүлдені жеткізу сылтауымен "алдын ала төлем", "жеткізу ақысы" немесе "жіберу шығындары" үшін ақша аударуды талап етеді. Алайда төлем жасалғаннан кейін уәде етілген смартфон немесе басқа да жүлде жіберілмейді.
Полиция мынаны ескертеді:
әлеуметтік желілерде кездейсоқ ұтысқа ие болғаныңыз туралы хабарламаларға сақтықпен қараңыз;
белгісіз сілтемелер арқылы жеке деректеріңізді енгізбеңіз;
жүлдені алу үшін ақша аударуды талап ететін хабарламаларға сенбеңіз;
бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты бермеңіз;
күмәнді парақшалар мен хабарламаларға шағымды әлеуметтік желінің әкімшілігіне жіберіп, оларды бұғаттаңыз.
Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз немесе күмәнді жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет.
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Жаңалықтар
0