Қаскелеңде ерекше күтімді қажет ететін балалар тозығы жеткен мектепте оқып жүр - фото

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Бұл мектепте ерекше күтімді қажет ететін 40-тан астам оқушы бар, жалпы 1081 оқушы білім алады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелеңдегі А.С.Пушкин атындағы орта мектеп ғимаратының сапасы сын көтермейді. Осылай деп дабыл қаққан ата-аналар күрделі жөндеуді талап етуде. Тұрғындардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.

Жылда сұраумен келеміз

Қарасай ауданында ерекше балаларға инклюзивті білім беретін мектеп екеу ғана, бірі осы Пушкин атындағы орта мектеп. Ғимарат 62 жыл бұрын салынған. 2016 жылы терезелері ауыстырылған, басқа күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Керегесі бүтін дегені болмаса тозығы жеткен.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр
"Бұл мектепте менің әпкем оқыған, жасы қазір жетпісте. Күрделі жөндеу жүргізілмеген. Дәл оқу болып жатқанда жөндеу жүргізіледі дейді. Қаншама сұрадық, өтіндік, бұған дейін неге жүргізілмеді? Ылғи кейінге қалдырады. Енді жөндеу басталса, басқа мектепке ауысады дейді, біз қарсымыз", - дейді Зарема есімді ата-ана.
Мектепте қарапайым спорт алаңы да жасақталмаған.
"Балалар шаң, топырақ болып келеді. Ең болмаса көгал төсеп қойса болады ғой. Шаңды бұрқыратып доп тебеді, киімдерінен сау-тамтық жоқ", - дейді ата-аналар.
Бұл аздай мектептегі ескі әжетхананың иісі қолқаны қабады.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
1/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
2/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
3/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
4/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
5/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
6/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
7/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
8/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
9/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
10/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
11/12
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында ерекше балалар тозығы жеткен мектепте білім алып жүр - Sputnik Қазақстан
12/12
1/12
2/12
3/12
4/12
5/12
6/12
7/12
8/12
9/12
10/12
11/12
12/12
"Менің қызым дәл сол әжетханаға жақын кабинетте оқиды. Сасық иісті кетіру үшін хлорка себе береді. Қызым "Мама, тыныс алу мүмкін емес" дейді. Сасық иіс бұрыннан келе жатқан проблема", - дейді Пушкин мектебінің ата-аналары.

Ата-ананың назы орынды

Бұл мектепте ерекше күтімді қажет ететін 40-тан астам оқушы бар. Жалпы 1081 оқушы білім алады. Бала саны көбейіп барады, биыл тағы 100 оқушы келген.
"Білім бөлімі жобалық-сметалық құжатты жасап, облыстық әкімдікке ұсынған. Мектеп жөндеу жұмыстарына дайын. Тиісті құжаттар әзірленген. Ата-аналардың наразылығы орынды. Өйткені бұған дейін күрделі жөндеу жүргізілу керек болған. Мектеп жабық мекеме емес, жасырып ұстай алмаймыз", - дейді А.С.Пушкин атындағы мектеп директоры Қанат Қоқанов.
Қабырғасы қақырап, иісі мүңкігенмен, мектептің білім сапасы жақсы. Көштен қалып жатқан жоқпыз дейді, мұғалімдер.
"Бұл мектепте ерекше білімді қажет ететін балалар көп. Арнайы екі сынып болған, біреуі бітірді. Бір сыныпта бес бала болған, төртеуі колледжге түсіп кетті", - дейді оқу меңгерушісі Қуаныш Қабділда.
Биыл жазда бітірген түлектердің тек біреуі жоғарғы оқу орнына түсе алмаған. Қалғаны түгел студент атанған, екеуі шетелдік оқу орындарына түскен.
Жалпы мектеп 640 оқушыға арналған. Бірақ қазір мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Ата-аналар дауласып екіге бөлінген. Бірі басқа мектеп сұраса, екінші тарап осында қаламыз дейді. Қалғысы келгендер - ерекше балалардың ата-аналары.

Бәрі ақшаға тіреліп тұр

Sputnik Қазақстан тілшісі мәселенің мән-жайын Алматы облыстық әкімдігінен сұрап көрді. Қаражат жоқ, болса аянып тұрған жоқпыз, дейді әкімдіктегілер.
"Мектеп ғимараты 1964 жылы салынған. Оның жобалық қуаты – 640 орын. Күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылғы қыркүйекте әзірленді. Қазіргі уақытта қаражат қарастырылып жатыр. Жобалық-сметалық құжаты құрылыс басқармасына жіберілген. Құрылыс басқармасы ақша сұрау керек. Ақша бүгін бөлінсе, құрылыс жұмыстарын ертең бастап кетеді. Бірақ бәрі сол ақшаға кеп тіркеліп тұр", - дейді Алматы облысының әкімдігінде.
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басты
Жаңалықтар
0