Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басты

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Мұғалімдердің айтуынша, су жертөледегі құбырлардан кетіп жатыр
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында былтыр ғана салынған жайлы мектептің жертөлесін су басып жатыр. Мұғалімдерді әбігерге салған мәселе туралы Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр
Қаражота ауылының 370 оқушысы биыл екінші жыл жаңа мектепке барды. Дәлізі кең, айнадай білім ордасы - жайлы мектеп. Білім аламын деген балаға бар жағдай жасалған.
Кей ауылдағыдай емес, бала саны барған сайын көбейіп барады. Жайлы мектепте оқығысы келетін оқушы біткен тіпті 9 шақырым жердегі Шелек ауылынан келіп өтініш беріп жатыр.
"Соңғы күндері күніне 10 оқушы келіп, осы мектепте оқу туралы өтініш беріп жатыр", - дейді мектеп мұғалімдері.
Биыл бірінші сыныпқа екі сынып қабылданды. Ал бітірген түлектердің 70%-і грантқа түскен.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысында жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр - Sputnik Қазақстан
3/3
1/3
2/3
3/3
Әттеген-айы сол, су жаңа мектептің жертөлесін су басып жатыр.
"Су мәселесі жаздан бері бар. Аудандық білім бөлімі кәріз құдықтарын сорғызып беріп тұрады. Ала жаздай оқушы болған жоқ, бірақ су сол күйі кетпеді. Мердігерлер мұны кәріз құдығының суы дейді, ол мүмкін емес. Шілде айында ғана 100 тонна кәріз суы сорғызылды. Ала жаздай оқушы да болған жоқ, бірақ жертөлені су басып тұр", - дейді Қаражота ауылындағы орта мектеп директоры Анаргүл Әлімбаева.
Мұғалімдердің айтуынша, су жертөледегі құбырлардан кетіп жатыр.
"Хабары бар басқа мамандарды да әкеліп көрсетіп жатырмыз, олар құбырлар дұрыс орналаспаған деп жатыр. Мердігерлерге де ескертіп жатырмыз", - дейді мектеп директоры.
Құбырлардан су тамшылап үздіксіз ағып тұр. Салдарынан жертөле қабырғалары сыз тартып, құмсылағы түсіп кеткен. Мұғалімдер жертөле терезесін ашып, амалдаумен жүр.
Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
"Биыл да жатақханада оқиды": Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар
Жаңалықтар
0