"Биыл да жатақханада оқиды": Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар
10:32 01.09.2026 (жаңартылды: 14:06 01.09.2026)

© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылында 200-ге жуық оқушы биылғы оқу жылын жатақхана ғимаратында бастайды. Өйткені оқушылар үшін арнайы салынған мектеп жоқ, болмаған да. Сарыбұлақ оқушыларының биылғы жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.

Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар
© Sputnik / Айдана Дайырова
Әу баста жатақхана ретінде тұрғызылған бұл нысанның іргесі 1933 жылы қаланған.
Білім ошағы ауыл тұрғындарының басын ауыртып, батырын сыздататын басты проблема. Жыл сайын жаңа мектепті аңсайтын оқушылар биыл да жатақхана ғимаратында білім алады.
93 жыл бұрын салынған ғимараттың тозығы жеткен. Қыс болса суық, күн жылыса қапырық ыстық.

1/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

2/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
1/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
2/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Мектепте спорт залы жоқ, болмаған да. Оқушы біткен аядай ғимараттың ескі кабинетінде шынығады. Ғимараттың шатыры тозған, терезе жақтаулары шіріп тұр.
Ал асханада ыстық тамақ жоқ, күніне 80 оқушы құрғақ аспен тамақ жібітеді.
"Түрлі-түрлі тамақ жасаушы ем, бірақ оған мүмкіндік жоқ. Газ жоқ, асхана үшін жағдай жасалмаған", - дейді аспаз Айгүл Әбдірайымова.
Биыл мектепте 205 оқушы білім алады.
"Бірінші сыныпта екі сынып бар, оқушы азайып жатқан жоқ. Жаңа мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаты дайын, енді қаражат бөлінсе салынады деп жатыр. Ауыл ақсақалдары, мектеп мұғалімдері қол қойып бердік, енді күтіп отырмыз. Бастысы - біз өз міндетімізді барынша атқарып отырмыз", - дейді Сарыбұлақ орта мектебінің директоры Мадина Асқарова.

1/5
© Айдана Дайырова

2/5
© Айдана Дайырова

3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова

5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
1/5
© Айдана Дайырова
2/5
© Айдана Дайырова
3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жатақханада білім алып жүрсе де, сарыбұлақтық оқушылар талай жетістікке жетіп жүр. Биыл мектеп бітірген түлектердің 70%-ы жоғарғы оқу орындарына грантқа түскен.
Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа мектеп мәселесін Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысынан да сұрап көрді. Қазірше ресми ақпарат берілген жоқ.
Айта кетейік, былтыр 5 тамызда Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі Сарыбұлақ мектебі келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді деп ақпарат берген. Ауыл жағалай салынып жатқан жаңа мектеп Сарыбұлақта да салынады, бұл – жоспарда тұрған өзекті мәселенің бірі, деген болатын.

