Сарыбұлақтағы бір ғасырлық тарихы бар мектептің проблемасы қалай шешіледі

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 200-ге жуық оқушы жаңа оқу жылын жатақханада бастады
Алматы облысында 200-ге жуық оқушы жаңа оқу жылын жатақханада бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
Сарыбұлақ мектебі келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан редакциясына Еңбекшіқазақ аудандық білім басқармасы хабарлады.
Күні кеше Sputnik Қазақстанда Сарыбұлақ ауылындағы мектептің проблемасы туралы жазылған болатын. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі бұл мектептің мәселесі қалай шешілетінін айтып берді.
Ведомствоның мәліметінше Алматы облысындағы ең өзекті проблемалардың бірі – үш ауысымды оқыту мен оқушы орындарының тапшылығы.
"Себебі, жыл сайын оқушы саны 10-12 мыңға артып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында 24 900 орындық 26 "Келешек мектебінің" құрылысы бекітілді, Алматы маңындағы бірнеше ауданда 17 мектеп салынды. Солардың төртеуі Еңбекшіқазақ ауданында бой көтерді", - дейді аудандық білім бөлімі.
Қалған 9 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі. Нәтижесінде үш ауысымда оқитын мектеп саны 52-ден 27 бірлікке дейін азайды. Жыл соңында берілетін 9 мектептің 1-і осы ауданда.
Сонымен қатар 2025 - 2027 жылдары 91 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
"Биыл 20 мектеп, 2026 жылы 35 мектеп, 2027 жылы 36 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында 26 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған, биыл 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі.
Айтуларынша, Сарыбұлақ мектебі келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы келесі жылға 12 мектепті жөндеу жоспарланған.
Аудандық білім бөлімінің айтуынша, ауыл жағалай салынып жатқан жаңа мектеп Сарыбұлақта да салынады, бұл – жоспарда тұрған өзекті мәселенің бірі.
Алматы облысында 200-ге жуық оқушы жаңа оқу жылын жатақханада бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Алматы облысында 200-ге жуық оқушы жаңа оқу жылын жатақханада бастады
Жаңалықтар
0