Абай облысында екі күн бұрын басталған орман өрті оқшауланды

© Photo : КЧС МВД РКОрмандағы өрт
Ормандағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Авиациямен жалпы көлемі 68 тонна суды құрайтын 26 рет су төгу жұмыстары жүргізілді
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
2026 жылдың 20 қыркүйегінде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тіркелген орман өрті 22 қыркүйек сағат 17:30-да оқшауланды.
"Күрделі таулы жер бедері мен жекелеген учаскелерге жетудің қиындығына қарамастан, орман күзеті қызметкерлері мен жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуы тоқтатылып, өртті оқшаулауға қол жеткізілді", - дейді министрлікте.
Өртті сөндіруге 327 адам, 31 техника және 2 әуе кемесі жұмылдырылды. Авиациямен жалпы көлемі 68 тонна суды құрайтын 26 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Даладағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Әуеден 12 рет су төгілді: Абай облысында табиғи өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр
Жаңалықтар
0