https://sputnik.kz/20260921/aueden-12-ret-su-togildi-abay-oblysynda-tabigi-ortti-sondiru-ali-zhalgasyp-zhatyr-66888257.html
Әуеден 12 рет су төгілді: Абай облысында табиғи өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр
Әуеден 12 рет су төгілді: Абай облысында табиғи өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Өрт "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған 21.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-21T22:52+0500
2026-09-21T22:52+0500
2026-09-21T22:52+0500
абай облысы
орман өрті
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15262747_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_356079389294a756d240df0e612fe7c5.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.Өңірдің Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылдық округінде таулы, жетуі қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Өрт "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған.Өртті сөндіру жұмыстары таулы жердің күрделі рельефіне, тік көтерілімдерге, өрт ошақтарына апаратын жолдардың болмауына және желдің екпініне байланысты қиындап отыр.Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260913/qaragandy-oblysyndagy-dala-orti-tzhd-zhurgizushilerge-eskertu-zhasady-66597198.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15262747_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_2625360a39c46f063fdb4fc4b21e545e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, орман өрті, төтенше жағдай
абай облысы, орман өрті, төтенше жағдай
Әуеден 12 рет су төгілді: Абай облысында табиғи өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр
Өрт "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өңірдің Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылдық округінде таулы, жетуі қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Өрт "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тараған.
"Өртті сөндіруге ТЖМ, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және жергілікті атқарушы органдардан 226-ға жуық адам мен 43 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" мен ҰҚК-нің екі тікұшағы тартылды. Әуеден 12 рет су төгілді", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары таулы жердің күрделі рельефіне, тік көтерілімдерге, өрт ошақтарына апаратын жолдардың болмауына және желдің екпініне байланысты қиындап отыр.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда, дейді министрлікте.