Жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі - Қазгидромет

© Sputnik / Санат ИмангалиевТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнде елде ауа райы қандай болатыны жөніндегі болжаммен бөлісті.
Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
"Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады", - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Ауа райы тұрақсыз болады: синоптиктердің үш күнге арналған болжамы
Жаңалықтар
0