Ауа райы тұрақсыз болады: синоптиктердің үш күнге арналған болжамы

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. "қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, оңтүстікте жазғы жылы ауа райы сақталады.
"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді", - деп хабарлады "Қазгидромет".
Еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, ал жылы ауа райы сақталады. Сонымен қатар батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақтанады.
Ауа температурасы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +13…+23°С-қа дейін, орталықта +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Ал батыста температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін жоғарылайды.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жаңбыр жауады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0