https://sputnik.kz/20260921/mangystauda-4-zhastagy-balanyn-zhynys-zholynan-bogde-zat-tabyldy-66886482.html
Маңғыстауда 4 жастағы баланың жыныс жолынан бөгде зат табылды
Маңғыстауда 4 жастағы баланың жыныс жолынан бөгде зат табылды
Sputnik Қазақстан
Бүлдіршіннің анасы баласынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген 21.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-21T18:38+0500
2026-09-21T18:38+0500
2026-09-21T18:44+0500
маңғыстау облысы
дәрігер
жыныс мүшесі
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат табылды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының дәрігерлері 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат – шашқа арналған резеңкені хирургиялық жолмен алып тастады.Баланың жасы мен анатомиялық ерекшеліктері ескеріліп, медициналық араласу барынша ұқыпты әрі мұқият жүргізілді. Нәтижесінде резеңке зат алынып тасталды. Гинеколог дәрігер ата-аналарға баланың денсаулығындағы кез келген өзгеріске мұқият болу қажеттігін айтты."Анасының дер кезінде дәрігерге қаралуы маңызды рөл атқарды. Қыз баланың денсаулығы – үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Баланың жас ерекшелігіне қарай дене мүшелері, жеке басының қауіпсіздігі, тазалық пен жеке шекара туралы қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріп, үнемі бағыт-бағдар беріп отырған жөн", – дейді гинеколог дәрігер Айжақсы Құбышева.
https://sputnik.kz/20260907/sabidin-oz-salmagymen-birdey-almatylyq-darigerler-zhana-tugan-baladan-2-kg-isikti-aldy-66426540.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, дәрігер, жыныс мүшесі
маңғыстау облысы, дәрігер, жыныс мүшесі
Маңғыстауда 4 жастағы баланың жыныс жолынан бөгде зат табылды
18:38 21.09.2026 (жаңартылды: 18:44 21.09.2026) Бүлдіршіннің анасы баласынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат табылды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының дәрігерлері 4 жасар бүлдіршіннің жыныс жолынан бөгде зат – шашқа арналған резеңкені хирургиялық жолмен алып тастады.
"Бүлдіршіннің анасы баласынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген. Олар баланың жыныс жолында бөгде зат – резеңке барын анықтады. Ота Ана мен бала орталығының гинеколог дәрігері Айжақсы Құбышева бастаған мамандардың қатысуымен жасалды", - дейді басқармада.
Баланың жасы мен анатомиялық ерекшеліктері ескеріліп, медициналық араласу барынша ұқыпты әрі мұқият жүргізілді. Нәтижесінде резеңке зат алынып тасталды. Гинеколог дәрігер ата-аналарға баланың денсаулығындағы кез келген өзгеріске мұқият болу қажеттігін айтты.
"Анасының дер кезінде дәрігерге қаралуы маңызды рөл атқарды. Қыз баланың денсаулығы – үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Баланың жас ерекшелігіне қарай дене мүшелері, жеке басының қауіпсіздігі, тазалық пен жеке шекара туралы қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріп, үнемі бағыт-бағдар беріп отырған жөн", – дейді гинеколог дәрігер Айжақсы Құбышева.