Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 кг ісікті алды

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
Жазылу
Ісік алынғаннан кейін бірден нәрестеге пластикалық ота жасалған
АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден 2 кг ісікті алып тастады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Тамыздың 18-інде салмағы төрт келіден асатын қыз бала сегізкөз-құйымшақ тұсындағы үлкен түзіліспен дүниеге келген.
Тамыздың 18-інде салмағы төрт келіден асатын қыз бала сегізкөз-құйымшақ тұсындағы үлкен түзіліспен дүниеге келген.
"Туа біткен мұндай түзіліс нәресте туған кезде қатерлі ісік болып саналмаса да, өмірінің алғашқы алты айында қатерлі ісікке айналуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай түзілісі бар нәрестеге отаны созбалаңға салмай жасау қажет", - дейді министрлік.

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 кг ісікті алды
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
Бала туғаннан кейін бірнеше сағат ішінде неонаталдық реаниматологтар мен хирургтерден құралған топ перзентханаға барып, нәрестені Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қыз бала жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөліміне жатқызылып, күрделі отаға дайындық басталған. Келесі күні дәрігерлер ісікті алып тастады.

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 кг ісікті алды
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
"Сегізкөз-құйымшақ аймағында орналасқан тератоманың құрамында сүйек, жұмсақ тіндер және кистозды қуыс секілді түрлі тін бар. Бұл тәжірибеміздегі ең күрделі отаның бірі болды. Ісіктің салмағы екі келі болды, яғни нәрестенің өз салмағымен бірдей деуге болады. Қыздың туған кездегі салмағы төрт келі еді, демек, оның тең жартысы ісік болған", - дейді дәрігерлер.
Айтуларынша, ота сәтті өтіп, ісік алынғаннан кейін бірден пластикалық ота жасалған. Тігіс орны білінбейтіндей етіп қалпына келтірілген. Сәбидің жағдайы жақсы, ол үйіне шыққалы жатыр, дейді дәрігерлер.
