ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы Мәскеудегі сайлау учаскелеріне барды

© Sputnik / Скриншот видео SputnikТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематов
ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Жазылу
Бұл ең ірі халықаралық бақылаушылар миссиясы
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Ресей Мемлекеттік Думасына сайлау бойынша ТМД бақылаушылары миссиясы 207 адамнан тұрады, деп мәлімдеді ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематов.
Бұл ең ірі халықаралық бақылаушылар миссиясы. Ол Ресейдің 20 аймағында және шетелдегі сайлау учаскелерінде жұмыс істейді.
Миссияның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ТМД мүше мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы, Беларусь және Ресей Одағының Парламенттік Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Одақтық мемлекеттің Тұрақты комитеті және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері кіреді.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді
Жаңалықтар
0