Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Жазылу
Ресей Мемлекеттік Думасындағы сайлау сегіз сайлау учаскесінде өтеді
АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы РФ Мемлекеттік думасына сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сайлау Қазақстандағы учаскелерде штаттық түрде өтуде, деп атап өтті елші.
© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді
Посол России в Казахстане Алексей Бородавкин проголосовал в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанада дауыс берді
"Дауыс беру белсенді жүріп жатыр, адамдар өз дауыстарын беріп, азаматтық борышын орындайды. Біздің қазақстандық достарымыз, серіктестеріміз сайлау учаскелерінің сыртқы периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осының бәрін дұрыс ұйымдастыру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарғанын атап өту маңызды", - деп есептейді ол.
Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Дмитрий Тураевтың айтуынша, оңтүстік астанада дауыс беру екі учаскеде өтеді - №8133 және №8134.
© Sputnik/Александр МирогловДмитрий Тураев
Дмитрий Тураев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Дмитрий Тураев
"Адамдар отбасыларымен келіп Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаттарына дауыс беріп жатыр. Біз сайлаушыларымыздың белсенділігін құптаймыз", - деді ол.
Дмитрий Тураев консулдық барлық жұмысты іштен көрсетуге дайын екенін айтты.
Голосование на выборах в Госдуму проходит в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Видео
Ресейде Мемлекеттік думасына сайлау: Қазақстанда соңғы күні 8 дауыс беру учаскесі ашылды
Жаңалықтар
0