https://sputnik.kz/20260920/shygys-qazaqstandagy-en-biik-kopirlerdin-birinin-qurylysy-ayaqtaldy-66861051.html
Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды
Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды
Sputnik Қазақстан
Биіктігі 45 метрге дейін жететін көпірдің ұзындығы – 175 метр 20.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-20T18:12+0500
2026-09-20T18:12+0500
2026-09-20T18:48+0500
көпір
құрылыс
өзен
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66860881_0:0:1071:603_1920x0_80_0_0_c8d293783187ec23b41734be524193eb.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы өтетін, өңірдегі ең күрделі әрі ауқымды көпір нысандарының бірі салынды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".Биіктігі 45 метрге дейін жететін көпірдің ұзындығы – 175 метр."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Рахман қайнарларына апаратын бағыттағы Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысының негізгі кезеңін аяқтады.Құрылыстың шешуші сәті – көпірдің соңғы, жетінші аралық құрылымын орнату болды. Осылайша жаңа көпір терең тау шатқалының екі жағасын толық жалғады.Бүгінде сегіз тіректің барлығы толық тұрғызылып, жеті аралық құрылымды монтаждау аяқталды.Нысанда 150-ге жуық маман, арнайы құрылыс техникасы мен жабдықтар жұмыс істеді. Бетон жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін құрылыс алаңында жылжымалы бетон зауыты іске қосылды.Пихтовка өзені арқылы салынған көпірдің Шығыс Қазақстан үшін маңызы ерекше. Биіктігі көпқабатты үймен шамалас алып құрылыс осыдан бірнеше жыл бұрын күрделі тау бедері көлік қатынасын айтарлықтай шектеген жерде бой көтерді.Жаңа көпір – маңызды инфрақұрылым нысаны ғана емес, отандық жол саласының күрделі табиғи жағдайда ауқымды инженерлік жобаларды жүзеге асыра алатынын көрсететін нысан, дейді компанияда.
https://sputnik.kz/20260822/aqtobe-oblysynda-zhana-kopir-el-igiligine-berildi--65944520.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66860881_23:0:1070:785_1920x0_80_0_0_0c52a7fe8343f5a8afb57f0983bc711a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көпір, құрылыс, өзен
Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды
18:12 20.09.2026 (жаңартылды: 18:48 20.09.2026) Биіктігі 45 метрге дейін жететін көпірдің ұзындығы – 175 метр
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы өтетін, өңірдегі ең күрделі әрі ауқымды көпір нысандарының бірі салынды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Биіктігі 45 метрге дейін жететін көпірдің ұзындығы – 175 метр.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Рахман қайнарларына апаратын бағыттағы Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысының негізгі кезеңін аяқтады.
Құрылыстың шешуші сәті – көпірдің соңғы, жетінші аралық құрылымын орнату болды. Осылайша жаңа көпір терең тау шатқалының екі жағасын толық жалғады.
"Ұзындығы 175 метрлік көпір жер бедерінен 45 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Құрылым әрқайсысының ұзындығы 24 метр болатын жеті аралықтан және сегіз тіректен тұрады. Оның екеуі – жағалық, алтауы – аралық тірек", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде сегіз тіректің барлығы толық тұрғызылып, жеті аралық құрылымды монтаждау аяқталды.
Нысанда 150-ге жуық маман, арнайы құрылыс техникасы мен жабдықтар жұмыс істеді. Бетон жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін құрылыс алаңында жылжымалы бетон зауыты іске қосылды.
Пихтовка өзені арқылы салынған көпірдің Шығыс Қазақстан үшін маңызы ерекше. Биіктігі көпқабатты үймен шамалас алып құрылыс осыдан бірнеше жыл бұрын күрделі тау бедері көлік қатынасын айтарлықтай шектеген жерде бой көтерді.
Жаңа көпір – маңызды инфрақұрылым нысаны ғана емес, отандық жол саласының күрделі табиғи жағдайда ауқымды инженерлік жобаларды жүзеге асыра алатынын көрсететін нысан, дейді компанияда.