https://sputnik.kz/20260822/aqtobe-oblysynda-zhana-kopir-el-igiligine-berildi--65944520.html
Ақтөбе облысында жаңа көпір ел игілігіне берілді
Ақтөбе облысында жаңа көпір ел игілігіне берілді
Sputnik Қазақстан
2024 жылғы су тасқыны кезінде Ойыл өзені арқылы өтетін көпірдісу шайып, нысан зақымданған болатын 22.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-22T18:42+0500
2026-08-22T18:42+0500
2026-08-22T18:45+0500
ақтөбе облысы
көпір
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65946847_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_893e877eba1d5beb6c86e210c5679130.jpg
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зақымданған көпір қайта жаңарту жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді. Көпір құрылысы екі кезеңге бөлініп жүргізілген, оның ішінде ауқымды әрі ұзақ мерзімді жерасты жұмыстары атқарылған. Еске салсақ, 2024 жылғы су тасқыны кезінде Ойыл ауылына кіреберіс автомобиль жолындағы Ойыл өзені арқылы өтетін көпірдісу шайып, нысан зақымданған болатын. Осыған байланысты көпірді қайта жаңарту бойынша 2024 жылғы шілде айында"Тенгизстройсервис Групп" ЖШС-мен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталған. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 15 айды құрады. Нысанның жалпықұны — 3,2 млрд теңге. Бұдан бөлек, көпірдің жүріс бөлігіне монолитті плиталар құйылып, асфальт жабыны төселді. Барьерлік қоршаулар орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.
https://sputnik.kz/20251212/astanada-tagy-eki-kopir-salynady-59562032.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65946847_48:0:1185:853_1920x0_80_0_0_c75ce1228d7950078d3e28930a857958.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, көпір
Ақтөбе облысында жаңа көпір ел игілігіне берілді
18:42 22.08.2026 (жаңартылды: 18:45 22.08.2026) 2024 жылғы су тасқыны кезінде Ойыл өзені арқылы өтетін көпірдісу шайып, нысан зақымданған болатын
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зақымданған көпір қайта жаңарту жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді.
Көпір құрылысы екі кезеңге бөлініп жүргізілген, оның ішінде ауқымды әрі ұзақ мерзімді жерасты жұмыстары атқарылған.
"Мемлекет басшысының Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек деген тапсырмасы бар. Осы тапсырманы орындау барысында облысымызда маңызды және ірі жобалар іске асырылып жатыр. Аталған жобалардың арасында "Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан" транзиттік дәлізін қалыптастыруға Ойылдың көпірі зор үлесін қосады", - деді облыс әкімінің орынбасарыАсылбек Есенбаев .
Еске салсақ, 2024 жылғы су тасқыны кезінде Ойыл ауылына кіреберіс автомобиль жолындағы Ойыл өзені арқылы өтетін көпірдісу шайып, нысан зақымданған болатын. Осыған байланысты көпірді қайта жаңарту бойынша 2024 жылғы шілде айында"Тенгизстройсервис Групп" ЖШС-мен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталған.
Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 15 айды құрады. Нысанның жалпықұны — 3,2 млрд теңге.
"Қайта жаңартылған көпірдің ұзындығы 280 метрді құрайды. Құрылыс барысында 70 қада қағылып, оның 30-дан астамы 26-38 метр тереңдікке орнатылды. Көпірдің 8 тіреуі толық тұрғызылып, 8 тіреу аралығына 56 арқалық орналастырылды", - дейді облыс әкімдігі.
Бұдан бөлек, көпірдің жүріс бөлігіне монолитті плиталар құйылып, асфальт жабыны төселді. Барьерлік қоршаулар орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.