https://sputnik.kz/20260919/tarazda-tauligine-3000-tonna-qyzylsha-ondeytin-zauyt-iske-qosylady-66802105.html
Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады
Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Жобаның инвестициялық құны – 12,4 млрд теңге 19.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-19T10:57+0500
2026-09-19T10:57+0500
2026-09-19T11:04+0500
тараз
қызылша
мұнай өңдеу зауыты
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/09/13/66802269_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_8d734576b9e1e230b9efe6c8d328b2a5.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Тараздағы қант зауыты жылына 300 мың тонна қызылшасын өңдейтін болады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кәсіпорын 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдемей, негізінен қамыс шикізатымен жұмыс істеп келген. 2025 жылы отандық қант қызылшасын қайта өңдеуді жандандыру және өндірістік қуатты арттыру мақсатында зауытты жаңғырту басталды. Зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 84 ауыл шаруашылығы құрылымымен келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта кәсіпорындағы ескірген жабдықтар мен металл конструкцияларын бөлшектеу аяқталып, технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканың негізгі бөлігі жеткізілді. Бұдан бөлек, өндірістік инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қант қызылшасының қалдықтарын орналастыру үшін жер учаскесі бөлініп, санитариялық-қорғау аймағын абаттандыру шаралары қолға алынған.
https://sputnik.kz/20260727/tarazda-zhylyna-1-mln-tonnaga-deyin-metall-onim-shygaratyn-zauyt-qurylysy-bastaldy-65251202.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/13/66802269_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_d40885de1082540a7952bb7a41b9ae57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, қызылша, мұнай өңдеу зауыты, ауыл шаруашылығы министрлігі
тараз, қызылша, мұнай өңдеу зауыты, ауыл шаруашылығы министрлігі
Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады
10:57 19.09.2026 (жаңартылды: 11:04 19.09.2026) Жобаның инвестициялық құны – 12,4 млрд теңге
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Тараздағы қант зауыты жылына 300 мың тонна қызылшасын өңдейтін болады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Кәсіпорын 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдемей, негізінен қамыс шикізатымен жұмыс істеп келген. 2025 жылы отандық қант қызылшасын қайта өңдеуді жандандыру және өндірістік қуатты арттыру мақсатында зауытты жаңғырту басталды.
"Жобаның инвестициялық құны – 12,4 млрд теңге. Жаңғырту жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланған. Жоба іске асқаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 3 мың тоннаға дейін, жылына 300 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдей алады. Алдағы кезеңде өндірістік қуатты жылына 700 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр", - дейді министрлік.
Зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 84 ауыл шаруашылығы құрылымымен келісімшарт жасалған.
Қазіргі уақытта кәсіпорындағы ескірген жабдықтар мен металл конструкцияларын бөлшектеу аяқталып, технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканың негізгі бөлігі жеткізілді.
Бұдан бөлек, өндірістік инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қант қызылшасының қалдықтарын орналастыру үшін жер учаскесі бөлініп, санитариялық-қорғау аймағын абаттандыру шаралары қолға алынған.