Таразда жылына 1 млн тоннаға дейін металл өнім шығаратын зауыт құрылысы басталды

© PhotoМеталлургия комбинаты
Металлургия комбинаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Металлургия зауытына 61 млрд теңге инвестиция салынады
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Таразда металлургия зауытының іргетасы қаланды
Тараз қаласында металлургия зауытының құрылысы басталды. Жаңа өндіріс ошағы Тараз индустриялық аймағы аумағында салынады.
Жобаны "Тараз өндірістік комбинаты" ЖШС мен Қытай Халық Республикасының Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd. компаниясы бірлесіп жүзеге асырып отыр.
Металлургия зауытына 61 млрд теңге инвестиция салынады.
"Кәсіпорында жылына 1 млн тоннаға дейін ыстықтай илектелген болат орамдары, тот баспайтын болат өнімдері, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, профильді құбырлар, арматура және басқа да металл өнімдері өндіріледі", - деп жазылған хабарламада.
Зауыттың алғашқы кезеңін 2028 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс кезеңінде 500 адам жұмыспен қамтылса, кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуіп отыр.
Астанада үш зауыт ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Астанада үш зауыт ашылды
Жаңалықтар
0