Қазақстан мен Түркия электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қоймау туралы келісімге келді

© PhotoҚазақстан мен Түркия электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қоймау туралы келісімге келді
Қазақстан мен Түркия электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қоймау туралы келісімге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Тараптар биылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті
АСТАНА, 19 қыркүйек-Sputnik. Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға теңіз порттарынан жүк тиеуге мүмкіндік беру туралы уағдаласты, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Анталья қаласында Қазақстан-Түркия автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссиясының отырысы өтті.
"Тараптар электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қойылмайтыны туралы уағдаласты. Бұл келісім тасымалдарды неғұрлым икемді ұйымдастыруға және тасымалдаушылардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Маңызды нәтижелердің бірі – қазақстандық тасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан Қазақстанға кейіннен тасымалдау үшін жүктерді тиеуге мүмкіндік берілуі.
Сондай-ақ тараптар 2026 жылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Қазақстан Түркияға халал ет өнімдерін экспорттауға дайын – Тоқаев
Жаңалықтар
0