Видео

Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуҚарағанды облысында 200-ге жуық шошқа тиеген жүк көлігі жол апатына түсті
Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа тиеген жүк көлігі жол апатына түсті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Көлікте 193 талпақ танау болған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.
19 қыркүйекте сағат 09:00 шамасында "Астана" автожолының 188-ші шақырымында Теміртау қаласының өткелі ауданында "Scania" жүк көлігі жол апатына түсті.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы жүргізуші "Scania" көлігімен келе жатып, көлік құралын аударып жіберген. Жүк көлігі Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша 193 бас шошқа тасымалдаған", - дейді полиция.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан жануарлар далаға босып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Түйеге соғылған: Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Видео
Түйеге соғылған: Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болды
Жаңалықтар
0