Видео

Түйеге соғылған: Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болды

© Photo : РixabayТүйеге соғылған: Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болды
Түйеге соғылған: Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Түрлі жарақаттары бар тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілген
АСТАНА, 17 қыркүйек - Sputnik. Маңғыстауда жол апатынан 4 адам қаза болып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында "Ақтау – Бейнеу" республикалық маңызы бар автожолында екі Toyota Camry автокөлігі жол апатына түсті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жетібай ауылы жағынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі түйеге соғылған. Салдарынан қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан алған жарақаттарынан төрт адам сол жерде қайтыс болған. Түрлі жарақаттары бар тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілген.

"Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде мал иесі де анықталып жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жағдайы ауыр екенін айтты.

Айтуларынша ауруханаға жеткізілген үш адамның бірінің басы жарақаттанса, екіншісі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда екі науқас та жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Ал үшінші науқас бірнеше дене жарақатын алған. Травматология бөлімшесіне жатқызылған. Жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Жол апаты белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қайғылы жағдайда көз жұмды
Жаңалықтар
0