Астанада қазақы тазыға арналған ерекше көрме өтті

© Экология министрлігіАстанада "Қазақы тазы" монотұқымдық көрмесі өтті
Астанада Қазақы тазы монотұқымдық көрмесі өтті    - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Көрме барысында тазылар сараптамалық бағалаудан өтті
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Астанада халықаралық ит көрмесі аясында қазақы тазыға арналған монотұқымдық көрме өтті.
Іс-шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды экология министрлігі.
"Көрме барысында тазылар сараптамалық бағалаудан өтіп, олардың тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланды. Үздік өкілдер анықталды", - делінген хабарламада.
Қазақы тазы — ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан бірегей мәдени мұра, жеті қазынаның бірі. Бүгінде тұқымды сақтау, өсіру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2026–2036 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар да бекітілген. Осындай көрмелер қазақы тазының тұқымдық қасиеттерін сақтауға, жауапты асылдандыруды дамытуға және ұлттық тұқымды кеңінен танытуға мүмкіндік бермек.
Қазақтың тазысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтуде
Жаңалықтар
0