Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтуде

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақтың тазысы
Қазақтың тазысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтіп жатыр, деп хабарлады экология министрлігі.
Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды.
"Ғасырлар бойы Ұлы даламен бірге жасасқан тазы бүгінде әлемдік көрмелерде Қазақстанды танытып жүр. Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген", - дейді министрлікте.
Министрлік тазының генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, ұлттық тұқымды келесі ұрпаққа жеткізу бойынша алда әлі жұмыс көп екенін хабарлады.
Официальная мировая премьера казахских тазы состоялась на Всемирной выставке собак WDS 2025 в Хельсинки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды
Жаңалықтар
0