Қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды

© Photo : Официальный канал Минэкологии и природных ресурсов КазахстанаОфициальная мировая премьера казахских тазы состоялась на Всемирной выставке собак WDS 2025 в Хельсинки
Официальная мировая премьера казахских тазы состоялась на Всемирной выставке собак WDS 2025 в Хельсинки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
2025 жылы Хельсинкиде өткен World Dog Show көрмесінде қазақ тазысы жоғары марапаттарға ие болды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Халықаралық кинологтар федерациясы қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде Қазақстан кинологтар одағы ұлттық ит тұқымдарын дамыту жолында біраз шаруа атқарды. Соңғы үш жылдың негізгі нәтижелер:
Қазақстан кинологтар одағы (ҚКО) Халықаралықкинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанды;
Қазақ тазысы тұқымын алдын ала халықаралық мойындауға ресми өтінім берілді;
FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады;
2025 жылы Хельсинкиде өткен World Dog Show көрмесінде қазақ тазысы жоғары марапаттарға ие болды.
Ұлттық ит тұқымдарын дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін одақ мүшелері мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен марапатталды:
Серікқали Бауыржан Серікқалиұлы – "Құрмет" ордені;
Дровосекова Наталья Анатольевна – "Құрмет" ордені;
Хардина Елена Витальевна – "Құрмет" ордені;
Мечковский Евгений Анатольевич – Президенттің Алғыс хаты;
Болысбай Іңкәр Мақсатқызы – Президенттің Алғыс хаты;
Дандыбаева Жанна Серікқызы – экология министрінің Құрмет грамотасы.
Қазақстан кинологтар одағы алдағы уақытта да ұлттық ит тұқымдарын сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстарын жалғастырады.
Экофестиваль прародительницы всех яблок отметили в Жетысу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Қазақстандық ғалымдар тазы тұқымының генетикасын зерттеді
Жаңалықтар
0