Қазақстандық ғалымдар тазы тұқымының генетикасын зерттеді

© PhotoЭкофестиваль прародительницы всех яблок отметили в Жетысу
Экофестиваль прародительницы всех яблок отметили в Жетысу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2024
Жазылу
Тазы ит тұқымының генетикалық құрылымы осы уақытқа дейін зерттелмеген
АЛМАТЫ, 23 шілде - Sputnik. Генетика және физиология институтының ғалымдары тазы тұқымының генетикалық құрылымын зерттеді, деп хабарлайды ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Тазы ит тұқымының генетикалық құрылымы осы уақытқа дейін зерттелмеген.
2021 жылы институттың ғалымдары қазақи тазы тұқымын генетикалық тұрғыдан зерттеуге грант ұтып алған, оларға биология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Анастасия Перфильева жетекшілік етті. Жоба 2023 жылы аяқталды. Тазы тұқымының генетикалық әртүрлілігі мен популяциялық құрылымын анықтау үшін институт ғалымдары зерттеу барысында генетикалық маркерлердің екі түрін, микросателлиттер мен бір нуклеотидті нұсқаларды алғаш рет қолданды.
"Талдау нәтижесі тазы тұқымының генетикалық әртүрлілігі жоғары, ал инбридинг деңгейі төмен, бірегей ерекше тұқым екендігін көрсетті. Бұл тұқымның генетикалық әлеуеті, әсіресе, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда көбірек байқалады, ал Солтүстік өңірде сәйкесінше аз екені анық. Зерттеу нәтижесінің ең қызықты жаңалықтардың бірі – тазы ежелден келе жатқан, әрі филогенетикалық тарихта берік орын алған тұқым екені. Сондай-ақ тазы тұқымының популяциясы 50 шақты ұрпақ бұрын генетикалық тұрғыдан тығырыққа тіреліп, жойылып кету қаупі төнгені анықталды", - дейді биология ғылымдарының кандидаты, профессор Бақытжан Бекманов.
Институт қызметкерлерінің айтуынша, қазір тазы тұқымының аңшылық және жұмыс істеу қабілетіне жауап беретін 18, 22 және 25 хромосомалардағы бес бағыт ерекше қызығушылық тудырып отыр. Ал осы аймақтарда орналасқан 12 геннің ішіндегі CAB39L гені тазы итінің жүгіру жылдамдығы мен төзімділігіне әсер етеді.
Бұл нәтижелер болашақта тазы тұқымын одан әрі жақсарту мен оларды сақтап қалу үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тазы тұқымын тәуелсіз жеке тұқым ретінде халықаралық деңгейде мойындау туралы ұсынысқа қолдау бола алады. Сонымен қатар бұл зерттеулер тазы тұқымының генетикалық құпиясын ашып қана қоймай, олардың тарихы мен селекциясы туралы түсінігімізді тереңдете түсері анық, дейді ведомство.
Жаңалықтар
0