Қайық аударылған: Зайсанда суға батқан екі балықшының мәйіті табылды

Зайсан көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Біреуі аман қалып, екеуі суға батқан
АСТАН 18 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінен сүңгуірлер бірінші 1995 жылы туған ер адамның денесін тапты.
"Араға уақыт салып, 1968 жылы туылған екінші суға батқан адам табылды. Сүңгуірлерге судың тереңдігі, су асты бедері мен кей жердің лай болуы көп кедергі келтірді. Соған қарамастан екі балықшының да мәйіті табылды", - дейді құтқарушылар.
Еске сала кетейік, үш балықшы қайықпен балық аулауға шыққан. Қатты жел қайықты аударып кеткен.
Біреуі аман қалып, екеуі суға батқан.
Зайсан көлінде суға батқан екі балықшы іздестіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Видео
Зайсан көлінде суға батқан екі балықшы іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0