https://sputnik.kz/20260918/reseyde-ush-kundik-saylau-bastaldy-66754358.html
Ресейде үш күндік сайлау басталды
Ресейде үш күндік сайлау басталды
Sputnik Қазақстан
Дауыс беру нәтижелері бойынша 20 700 депуаттық мандат пен басшылық лауазым бөлінеді 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T09:50+0500
2026-09-18T09:50+0500
2026-09-18T09:56+0500
ресей
сайлау
депутат
https://sputnik.kz/img/07ea/09/12/66750468_0:61:3272:1902_1920x0_80_0_0_f44b452dced476a16d8b52e447bafdc3.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Ресейде тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға, Ресейдің сегіз аймағының жоғары лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ заң шығарушы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын үш күндік сайлау басталды, деп хабарлайды РИА Новости.Дауыс беру қай жерде өтедіБірыңғай сайлау күніне арналған алғашқы сайлау учаскелері Қиыр Шығыста ашылды.Сайлаушылар сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Дауыс беру үш күн бойы, 18-20 қыркүйек аралығында өтеді.Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова хабарлағандай, үш күндік дауыс беру сайлауға қатысушылар үшін қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді, бұл ОСК үшін басымдық болып табылады.2026 жылғы Бірыңғай дауыс беру күнінде әртүрлі деңгейдегі 2200-ден астам сайлау науқаны өтеді, 20 700 парламенттік орын мен лауазым анықталады.Шетелдегі сайлаушылар да дауыс бере алады – Ресейден тыс жерлерде 152 елдегі 333 сайлау учаскесі жұмыс істейді.Бақылаушылар арасында ТМД, ҰҚШҰ және БРИКС елдерінен 12 халықаралық ұйымның өкілдері бар.Мыңдаған кандидатМемлекеттік Думаға он партия таласып жатыр: "Біртұтас Ресей", "Ресей Либерал-демократиялық партиясы", "Тікелей демократия партиясы", "Жасылдар", "Әділ Ресей", "Отан", Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы, Зейнеткерлер партиясы, Ресей коммунистері және "Жаңа адамдар". Олар барлығы 4500 кандидат ұсынды, олардың 500-ден астамы арнайы әскери операцияға қатысқандар.Депутаттық мандат - 450. Жартысы 5%-дық шекті өткен партиялық тізімдер арасында бөлінеді, ал қалған жеңімпаздар бір мандатты округтерде анықталады.Сонымен қатар 11 федералды субъектінің басшыларын сайланады. Тікелей сайлау Мордовия, Тува, Шешенстан және Белгород, Брянск, Пенза, Тверь және Ульяновск облыстарында өтеді, ал Дағыстан, Солтүстік Осетия-Алания және Карачай-Черкессияда жергілікті парламенттер арқылы дауыс береді.Сонымен қатар 39 аймақта жергілікті заң шығарушы органдар анықталады.Қайда және қалайСайлаушылар саны - 111 037 047 адам, оның 1 816 504-і Ресейден тыс жерде. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында дауыс беруге құқылы 502 Ресей азаматы тұрады.32 аймақта қашықтықтан электрондық дауыс беру қамтамасыз етілген. Ол үшін 3 тамыздан 14 қыркүйекке дейін өтініш берушілер Мемлекеттік қызмет порталында өтініш толтыруы керек болды. Мәскеуліктерге алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.Шетелде жүргендер үшін 152 елде 333 сайлау учаскесі ашылды.
https://sputnik.kz/20260907/elimizdin-eki-qalasynda-resey-memlekettik-dumasyna-saylau-qalay-otti-66424462.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/12/66750468_4:0:2735:2048_1920x0_80_0_0_65e91609b8199d0b88dbaf2286f69c2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, сайлау, депутат
Ресейде үш күндік сайлау басталды
09:50 18.09.2026 (жаңартылды: 09:56 18.09.2026) Дауыс беру нәтижелері бойынша 20 700 депуаттық мандат пен басшылық лауазым бөлінеді
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Ресейде тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға, Ресейдің сегіз аймағының жоғары лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ заң шығарушы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын үш күндік сайлау басталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Дауыс беру қай жерде өтеді
Бірыңғай сайлау күніне арналған алғашқы сайлау учаскелері Қиыр Шығыста ашылды.
Сайлаушылар сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Дауыс беру үш күн бойы, 18-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова хабарлағандай, үш күндік дауыс беру сайлауға қатысушылар үшін қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді, бұл ОСК үшін басымдық болып табылады.
2026 жылғы Бірыңғай дауыс беру күнінде әртүрлі деңгейдегі 2200-ден астам сайлау науқаны өтеді, 20 700 парламенттік орын мен лауазым анықталады.
Шетелдегі сайлаушылар да дауыс бере алады – Ресейден тыс жерлерде 152 елдегі 333 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Бақылаушылар арасында ТМД, ҰҚШҰ және БРИКС елдерінен 12 халықаралық ұйымның өкілдері бар.
Мемлекеттік Думаға он партия таласып жатыр: "Біртұтас Ресей", "Ресей Либерал-демократиялық партиясы", "Тікелей демократия партиясы", "Жасылдар", "Әділ Ресей", "Отан", Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы, Зейнеткерлер партиясы, Ресей коммунистері және "Жаңа адамдар". Олар барлығы 4500 кандидат ұсынды, олардың 500-ден астамы арнайы әскери операцияға қатысқандар.
Депутаттық мандат - 450. Жартысы 5%-дық шекті өткен партиялық тізімдер арасында бөлінеді, ал қалған жеңімпаздар бір мандатты округтерде анықталады.
Сонымен қатар 11 федералды субъектінің басшыларын сайланады. Тікелей сайлау Мордовия, Тува, Шешенстан және Белгород, Брянск, Пенза, Тверь және Ульяновск облыстарында өтеді, ал Дағыстан, Солтүстік Осетия-Алания және Карачай-Черкессияда жергілікті парламенттер арқылы дауыс береді.
Сонымен қатар 39 аймақта жергілікті заң шығарушы органдар анықталады.
Сайлаушылар саны - 111 037 047 адам, оның 1 816 504-і Ресейден тыс жерде. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында дауыс беруге құқылы 502 Ресей азаматы тұрады.
32 аймақта қашықтықтан электрондық дауыс беру қамтамасыз етілген. Ол үшін 3 тамыздан 14 қыркүйекке дейін өтініш берушілер Мемлекеттік қызмет порталында өтініш толтыруы керек болды. Мәскеуліктерге алдын ала тіркелудің қажеті жоқ.
Шетелде жүргендер үшін 152 елде 333 сайлау учаскесі ашылды.