Еліміздің екі қаласында Ресей Мемлекеттік думасына сайлау қалай өтті

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуУрна на выборах в Госдуму России
Урна на выборах в Госдуму России  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Жазылу
Алдағы демалыс күндері Павлодар мен Қарағандыда мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беруді өткізуді жоспарланған
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, Петропавл мен Қостанайда Мемлекеттік Дума сайлауына қатысты мерзімінен бұрын дауыс беру жақсы әрі достық атмосферада өтті.
© Photo : Посольство России в Казахстане Еліміздің екі қаласында Ресей Мемлекеттік думасына сайлау өтті
Голосование на досрочных выборах в Госдуму России прошло в Петропавловске и Костанае  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2026
Еліміздің екі қаласында Ресей Мемлекеттік думасына сайлау өтті
"Адамдар отбасыларымен толық құрамда келіп, болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылық танытты", — деді Ресейдің қазақстандағы елшілігі.
Ресейлік дипломаттар Петропавл мен Қостанай қалаларының әкімдіктері мен полиция бөлімшелеріне ерекше алғыс білдірді.
"Сайлау процесін ұйымдастыру жоғары деңгейде болды, ал дауыс беру тыныш, бірқалыпты және қауіпсіз өтті", — делінген мәлімдемеде.
Алдағы демалыс күндері елшілік комиссиясы Павлодар мен Қарағандыда мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беруді өткізуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0