Қазақстанда 16,2 млн тонна астық жиналды

© Photo : АкордаТокаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области
Токаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Астық қабылдау орындарына түскен жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатқызылды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бүгінде дәнді дақылдар алқабының 72,5%-ы жиналып, жалпы 16,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша биыл елдегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген.
"Бүгінге дейін 11,3 млн гектар алқаптың өнімі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құрады", - дейді вице-министр.
Сонымен қатар 1,5 млн гектар алқаптан майлы дақылдар жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,7 центнер болып, 1,4 млн тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды. Биыл 2,7 млн тонна көкөніс, 1,9 млн тонна бақша дақылы және 1,9 млн тонна картоп жиналды. Жалпы, егін жинау қарқыны өткен жылмен бір деңгейде.
Көктемгі дала жұмыстарын және егін жинау науқанын жүргізу үшін шаруаларға қажетті қаржылай қолдау көрсетілді. Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 664,4 млрд теңгеге 5,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.
Арпа - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Қазақстандық ғалымдар арпаның құрғақшылыққа төзімді жаңа сортын ойлап тапты
Жаңалықтар
0