https://sputnik.kz/20260823/qazaqstandyq-galymdar-arpanyn-qurgaqshylyqqa-tozimdi-zhana-sortyn-oylap-tapty-65993595.html
Қазақстандық ғалымдар арпаның құрғақшылыққа төзімді жаңа сортын ойлап тапты
Қазақстандық ғалымдар арпаның құрғақшылыққа төзімді жаңа сортын ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Сорттың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі — "түптену–түтікке шығу" кезеңінің кемінде 20 күнге созылуы 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T12:46+0500
2026-08-23T12:46+0500
2026-08-23T12:47+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
ғалымдар
астық
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808260_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c18b8d7948011621daef15253ae55852.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді арпаның жаңа сортын шығарды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Жаздық дәнді арпаның жаңа сорты "Батырхан" деп аталады."Батырхан" жаздық даму типіне жатады. Оның вегетациялық кезеңі 75–85 күн.Ауруларға төзімділігі бойынша "Батырхан" тозаңды және қатты қаракүйеге төзімді, ал фузариозды тамыр шірігіне оңайлықпен шалдықпайды."Сорттың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі — "түптену–түтікке шығу" кезеңінің кемінде 20 күнге созылуы. Бұл кезеңнің салыстырмалы түрде ұзақ болуы өсімдіктің жеткілікті вегетативтік массаны қалыптастыруына және дәнмен жақсы толысқан өнімді масақтардың түзілуіне қолайлы жағдай жасайды", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінде.
https://sputnik.kz/20260626/qazaqstandyq-galymdar-sauyn-tuyelerge-arnalgan-zhusan-negizindegi-qospa-azirledi-64466508.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808260_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_bec0f75aeed4a3eb102d2244c64a5d12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, ғалымдар, астық
ауыл шаруашылығы министрлігі, ғалымдар, астық
Қазақстандық ғалымдар арпаның құрғақшылыққа төзімді жаңа сортын ойлап тапты
12:46 23.08.2026 (жаңартылды: 12:47 23.08.2026) Сорттың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі — "түптену–түтікке шығу" кезеңінің кемінде 20 күнге созылуы
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді арпаның жаңа сортын шығарды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаздық дәнді арпаның жаңа сорты "Батырхан" деп аталады.
"Жаңа сорт Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне тән агроклиматтық және топырақ жағдайларын ескере отырып әзірленген. "Батырхан" жоғары әрі тұрақты өнімділігі мол, дәні ірі, жатып қалуға және бірқатар ауруларға төзімді. Сондай-ақ құрғақшылық пен топырақтың тұздануына өте төзімді", - дейді министрлікте.
"Батырхан" жаздық даму типіне жатады. Оның вегетациялық кезеңі 75–85 күн.
Ауруларға төзімділігі бойынша "Батырхан" тозаңды және қатты қаракүйеге төзімді, ал фузариозды тамыр шірігіне оңайлықпен шалдықпайды.
"Сорттың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі — "түптену–түтікке шығу" кезеңінің кемінде 20 күнге созылуы. Бұл кезеңнің салыстырмалы түрде ұзақ болуы өсімдіктің жеткілікті вегетативтік массаны қалыптастыруына және дәнмен жақсы толысқан өнімді масақтардың түзілуіне қолайлы жағдай жасайды", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінде.